Ата-аналар назарына!

Ақпан айының 1-аптасында ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс тақырыбы "Ақпараттан ақ, қараны ажырату өнері". Мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру.

Міндеттері:

1. Интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.

2. Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.

3. Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету.

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Қарым-қатынас, сананың прогреске ашықтығы, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, позитивті ерік.

Жиналысқа мектеп психологы, соц.педагог, сынып жетекшілер, ДТІЖО қатысып тақырып толық ашылды.