"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекеттік қызмет көрсету" іскерлік ойыны

«Ортақ ауылының ЖОББМ» КММ


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 

2021 оқу жылы

«Мемлекеттік қызмет көрсету» іскерлік ойыны

Сынып: 5,6 сынып

Күні: 09.04.2021

Мақсаты: Оқушыларды электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен таныстыру.

Міндеттері:

· Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұғым қалыптастыру.

· Әкімшілік регламент ұғымымен таныстыру.

· Электронды  мемлекеттік қызмет көрсету технологиясымен таныстыру.

Барысы:

  1. Мемлкеттік қызмет туралы түсінік беру.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін саяси әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

  1. Әкімшілік регламент ұғымымен таныстыру және әкімшілік рәсімдер заңы шағын түсінік беру.
  2. Электронды қызмет көрсету технологиясы.

Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңі – ақпараттарды жариялау және тарату.

Екінші кезеңінде - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.

Үшінші кезеңі - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.

Төртінші кезеңі - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.

 

  1. Сіздер электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі туралы не білдіңдер?  Бұл қызмет қалай көрсетіледі?

Барлық оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан кейін, «мемлкеттік қызмет» ұғымына анықтама беріп, кейбір мемлекеттік қызметтерге назар аударылды. Содан кейін қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді:

· Мемлекеттік қызмет көрсету порталын табу (http://www.egov.kz/).

· Осы порталда электронды түрде қызмет туралы барлық ақпаратты табу.

· Диалогты түрде іскерлік ойынның қорытындысын жасау.

 

Осымен іскерлік ойынымыз аяқталды. Сау – саламатта болыңыздар!

 

 

Жаңартылған күні: 14.04.2021 15:05
Құрылған күні: 14.04.2021 15:05

Текст