«Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестік пәндері бойынша апталық есебі
«Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестік пәндері бойынша апталық есебі
2018-2019 оқу жылы
Ортақ орта мектебінде 14.01.2018 ж - 23.01.2018 ж. аралығында жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестік пәндерінің «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты апталық өткізілді.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіру, ойлау қабілетін дамыту, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын шапшаң айтуға, дәлелді тұжырымдар жасауға үйрету, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Апталықтың алғашқы күні «Жаратылыстану пәндерінің әлемінде» атты апталықтың ашылу кеші өткізілді. Апталықтың ашылуына жауапты жаратылыстану-математикалықәдістемелік бірлестік пәндерінің мұғалімдері. Оқушылармен қызықты ойындар, логикалық сұрақтар, есептер, сөзжұмбақтар, ребустар шешіліп, ойнатылды.
Екінші күні «Елтану. Еліміздің сакральды жерлері» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа жауапты М.К.Ергалиева болды. Осы сайыста 5-10-сыныптар бойынша география пәнінен әртүрлі ойындар мен сұрақтар шығарылды. Оқушылар белсене қатысып, білімдерін жақсы жақтарынан көрсете білді.
Үшінші күні «Ең үздік ойыншы» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Бұл сайысқа жауапты Н.С.Токтасина болды. Оқушылар сегіз топқа бөлініп 4 кезең бойынша сайысты. Бұл сайыста оқушылар өздерінің белсенділіктерін көрсете білді. Әсіресе 5, 6, 7, 8, 9-сынып оқушылары. Әр кезең бойынша екі топтан алынып отырды. Сайыстың соңында екі топ қалды. Екі топтың арасында логикалық тапсырмалар беру арқылы «Ең үздік ойыншы» атағына ие болды.
Төртінші күні «Қызық times тапқырлар» атты сайыс өткізілді. Сайысқа жауапты А.М.Салимова болды. Осы сайыста оқушылар екі топқа: интернет және компьютер бөлініп, алты кезең бойынша сайысты. Соңында компьютер тобы жеңімпаз болды.
Бесінші күні «Физикамен жүздесу, табиғатпен тілдесу» атты сайыс өткізілді. Бұл сайысқа жауапты Ж.Т.Курмангалиева болды. Мұнда оқушылар екі топқа бөлініп, 7-9-сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындап белсене қатысып отырды.
Алтыншы күні «Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар» атты спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа жауапты денешынықтыру пәнінің мұғалімі Хабсалам Оралбек болды. Бұл жарысқа 5-10-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін жан-жақты көрсете білді.
Жетінші күні «Өнерлінің қолы алтын» атты сайыс өткізілді. Сайысқа жауапты технология пәнінің мұғалімдері М.Н.Кожина, А.И.Оразбай. Бұл сайыста оқушылар әртүрлі сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті. Соңғы сайыста үш топтан 3 қыз шығып салат жасады, ал қалған оқушылар қағаздан сыйлықтар жасады.
Сегізінші күні Жаратылыстану пәндері апталығының жабылуы болды. Белсене қатысқан оқушылар марапатталды және де осы апта бойы оқушылар қалай жұмыс жасағаны туралы, белсене қатысқан оқушылар туралы сайд көрсетілді.
ӘБ жетекшісі: А.М.Салимова