Қамқоршылық кеңес №1 хаттама
Ортақ орта мектебі
«Қамқоршылық кеңес» отырысының
хаттамасы №1
Өткізілген күні: 28.11.18 ж.
Қатысқандар:
мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесінің мүшелері.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.«Қамқоршылық кеңестің» жаңа құрамын тағайындау, жылдық жоспар құру
2.«Қамқоршылық кеңестің» мүшелерімен оқу-тәрбие үдерісінің кестесін бекіту
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Нурсеркина сөз алып, жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдаужасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне қайта тоқталды. Осы сұрақ бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.
.«Қамқоршылық кеңестің» жаңа құрамы тағайындалды.
- Ортақ ауылының әкімі М.К.Ергалиева
- Участкілік инспектор Карбаев Даулетжан Айтжанович
- Ортақ ауылының мәдениет ошағының меңгерушісі, ата-ана А.О.Бейсембина - төрағасы
- ДТІЖО Р.О.Нурсеркина
- Мектеп психологы Р.Р.Абилкаирова
- Ата-ана Төлеухан Мира
- Ата-ана комитетінің төрағасы Ж.Х.Смагулова
- Ата-ана Ғ.Д.Дюсембина
- Жеке кәсіпкер, ата-ана К.Х.Умурзаков
Қамқоршылық кеңестің төрағасы боп А.О.Бейсембина тағайындалды.
Тыңдалды: 2-мәселе
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған оқу ісінің меңгерушісі Ж.Ш.Таңатқан.ОІМ жаңа оқу жылдың сабақ кестесімен, қоңырау, үзілістер кестелермен таныстырды.Былтырғы оқу жылы бекітілген кестелер: сабақтар мерзімі 40 минут, үзілістер 5 минут, үлкен үзіліс 4 сабақтан кейін-20 минут. Жалпы оқу үдеріс 5 күн, сенбі күні-шығармашылық күн
( факультативтер,қосымша сабақтар). Барлық оқу-үдеріс білім беру Заңына , САН пин ережелерімен сәйкестігі болғасын қамқоршылық кеңестің мүшелері толығымен жұмыс жоспарын қабылдады, төрағасы өз қолын қойды.
Шешімі:
Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Ортақ орта мектебінде құрылған кеңестің жұмысы ұйымдастырылсын.
Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы:
Хатшы: