"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде жаңа "Ұлан басы" сайланды

Ұланбасы сайлауы 22.09.2021-23.09.2021 күндері өтті. Сайлауға 5-9  сынып оқушылары қатысып, дауыс беруге оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты.

Ұланбасын сайлаудағы мақсат өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылды. Оның ішінде қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту міндеттелді.

Сайлау комиссиясы 3 адамнан құрылды. Сайлау мектеп мұғалімдерімен қатар 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен офлайн форматта  жүзеге асып, Инстаграмм желісінің «Ұланбасы сайлауы 2021 жыл» арнасында жарияланған бағдарламасы негізінде жүргізілді. Сайлаудың басты мақсаты - «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жан-жақты жүргізетін жауапкершілігі мол, белсенді оқушыны сайлау. Сайлауға 2 үміткер қатысты. Барлық үміткерлер мектеп өміріне белсенді ат салысатын үлгілі оқушылар болып табылады. Сайлау қорытындысы бойынша 75%  дауыс жинаған, 9-сынып оқушысы Капбасова Алуа мектебіміздің Ұланбасы болып сайланды.

Жаңартылған күні: 04.10.2021 17:26
Құрылған күні: 04.10.2021 17:26

Текст