"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз құстарға қамқормыз!

19.04.2021
Құстарды қорғау- табиғатты қорғау
 
 
 
Табиғатта адамға өзінің күнделікті іс-әрекетімен пайда келтіретін өзгеше боп жаратылған тіршілік иесі бар. Ол- құстар. Өмірімізді құссыз елестету қиын. Көл де, көк те, тау да, орман да, жазық дала да құсымен сәнді. Ал құстардың адамға тигізер пайдасы ұшан-теңіз.
 
Біріншіден, құстардың адамдардың түрлі шаруашылық жұмыстарына пайда келтіретін тұстары өте көп. Биолог мамандардың айтуына қарағанда, бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді екен. Қараторғайлардың бір тобы бүкіл балапандарымен 22 тонна шегірткені азық етеді. Ал шегіртке - адамға зиян шектіретін қас жауымыз. Өйткені мал жейтін көк шөбімізді, жасыл өсімдіктерімізді, жайқалып тұрған бау-бақша, егінімізді отап көп зиян келтіреді.  Үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкентай торғайдың бір өзі жылына 4 миллионға жуық жәндік жейді екен. Осындау деректерді білгенде, құстардың адамдарға көп көмегі болатынын ұқтым.
 
Екіншіден, адамдар құстарды ерте заманнан- ақ дос санаған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнгенде құтқарушысы, жақсылық жолын нұсқаушысы ретінде Бақыт құсы кездесіп отырған. Сондықтан да халық аңыздарында, ертегілерінде қанатты достарымызды ақылды, адамды қауіптен қорғаушы етіп көрсеткен көрінеді. 
 
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деген екен: «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады. Бірақ айдаһар - жылан сол күн тәріздес жұмыртқаны жеп қояды екен. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың айқасын, қайырымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Халық ертегісінде Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады. Ал разы болған алып құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақ елінің мақсатты көрінісі». 
Просмотров: 174


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст