"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыңғырла соңғы қоңырау

26.05.2021

Биылғы оқу жылы да аяқталды. Бұл оқу жылы әрқайсымыз үшін өз оқиғаларымен, өз жетістіктерімен есте қалды. Бұл күн, әрбір оқушы үшін ерекше екені мәлім.  Әсіресе, 9,11 сынып түлектері үшін бұл қоңырау соңғы рет соғылды.  Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11-сынып оқушыларына санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат берілді. Мектеп оқушылары соңғы қоңырау сыңғырымен  жазғы демалысқа аттанды. Ал, 11  жылды артта қалдырған түлектер алтын ұясымен қоштасты. Біреулері  оқу орнына түсіп білімін ары қарай жалғастырарына қуанышты болса, енді бірі білім нәрімен сусындатқан  алтын  ұясымен қимай қоштасуда. 9-11 сынып оқушыларының атсалысуымен «Сыңғырла, соңғы  қоңырау» атты  концерттік  кеш ұйымдастырылды.  Шара барысында, мектеп оқушылары  ұстаздарына деген алғыстарын әнмен жеткізуге тырысты. Өз кезегінде ұстаздар қауымы шәкірттеріне ақжол тілеп, алдағы емтихандарын жақсы тапсыруға, қалаған оқу ордаларына түсулеріне тілектерін білдірді. Мектебімізден биыл 6 түлек ұшқалы тұр. Оларды алда ҰБТ сынағы күтуде, түлектерге сәттілік тілейміз. Кездескен қиындықтарға қарамастан, біз үшін оқу жылы жемісті болғанын зор сеніммен айта аламын. Бұл сөзімді біздің оқушыларымыздың  оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіштері дәлелдейді. Жалпы биылғы оқу жылында метебімізден 12 үздік оқушы анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Әрине, бұл ретте бізге әрдайым қолдау көрсетіп, жетістікке бірге жетелеген ата-аналардың да еңбегін айтпай кетуге болмас. Біз жыл бойы сіздердің қолдауларыңызды, риясыз көңілдеріңізді, қамқорлықтарыңызды сезіндік. Сіздерге үлкен рахмет.
Оқу жылының ерекшелігі сонша кәсіподақ атынан мектебімізде еңбек сіңірген ұстаздарымыз да мараптталды.

 


 

Просмотров: 124


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст