Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі биылғы 2018-2019 оқу жылында ақпан айында Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен тілінде» атты онкүндік өткізу жоспарланған болатын.. Онкүндіктің алғашқы кезеңінде ашық сабақтар өткізіліп, келесі кезеңде зияткерлік ойындар мен байқауларға ұластырылып отырды. Ашық сабақтарға белсене қатысып, оқушылар білімдерін кқрсетсе, аталған тақырыптық іс-шараларда өнерлері мен бірге білімдерін, қабілеттерін көрсете алды. «Тіл-дарын - 19» байқауына 6 оқушы қатысып, үш тілде білімдерін ортаға салды. «Тіл-дарын – 19» байқауының жеңімпазы атағын 6-сынып оқушысы Байзолла Ерұлан иеленді. Іс-шара ағылшын тілі мұғалімі Ж.Ш. Таңатқанның ұйымдастыруымен өтті.
«Кемеңгер »логикалық сұрақтарға құрылған білімпаздар сайысын өазаө тілі мен әдебиеті пәнінің мқғалімі Б. Тышхан жүргізді. Қызықты логткалық сұрақтар өойылып, 2 топпен жұмыс жүргізілді. 1-топ «Алғырлар» тобын 6 оқушы, «Тапқырлар» тобын 6 оқушы құрады. Жеңген «Тапқырлар» тобы ақтық сайыста мұғалімдердің бейне-ролик түрінде жасаған тапсырмаларынан сүрінбей өтіп жеңімпаз атанды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Е. Мухамедьярованың ұйымдастыруымен «Көкте аруы - 19» байқауы қткізілді. Сайысөа 6-қыз бала қатысып, білім мен қнер, шеберлік сайысына түсті. Әртүрлі номинацияларды жеңіп алды. «Ортақ аруы» марапатына ие болған 10-сынып оқушысы А.Гайсина көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді.
«Білім – баға жетпес байлық» апталықтың жабылу салтанатын тарих пәнінің мұғалімі Е.Ж. Бейсембаев пен қазақ тілінің мұғалімі Г.Т. Кабдрахманова ұйымдастырды. Оқушылар үздік деп танылған әндер орындалып, билер биленіп, соңы марапаттаумен жалғасты. Іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.