Түлектер қонақтарды оқушылар қарсы алып, альбомға тіркеу жасайды (қай жылы бітірді, қай класс, қазіргі уақытта қайда жұмыс атқарады, мамандығы қандай, жетістіктері және мектепке ыстық лебіздерімен тілектері)
2 оқушы тіркеу үстелінде отырады
Подождите, не спешите,
Здесь чуть-чуть передохните!
Свой адресок на память
Прошу у меня оставить!
И, если это не секрет,
Скажите, любили, учиться вы или нет?
Кем стали, уйдя из школы,
Избрав для себя путь новый?
Не забудь черкнуть
Пожелание учителям и ученикам!
(Қоңырау соғып, салтанатты жиынның басталуын белгілейді. «Школьные годы» әннің фонограммасы ойнайды. Ортаға жүргізушілер шығады.)
«Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз»
І бөлім
Фанфары
1-жүр : Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 жүр : Баршаңызға бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер деп, біз бастайық!
1-жүр : Алтын ұя мектебім аялаған ,
Жас жаным жапырағын саялаған .
Қарлығаш ұландарың қанат қақты ,
Сыйлауын сені мәңгі қоя ма адам .
2 жүр : Сен - бұлақ өзге қуат келмегенде ,
Шарапат сусын болған шөлдегенде.
Ғалым да , диқан дағы сенен ұшты ,
Сенен ұшпақ біз сияқты түлектер де .
1 жүр : Иә , мектеп – сіз бен біздің біліммен сусындаған , тәлім алған алтын ордамыз.
2 жүр : Мектеп – қасиетті шаңырақ , киелі мекен , ендеше білімнің қара шаңырағына қош келдіңіздер , қадірлі де қадірменді қонақтар !
1 жүр : Армысыздар жиналған ата – ана , ұстаз ,
Той , жиынсыз өмірдің мәні болмас .
Арамызда талпынып , қақты қанат ,
Тоғыз жылда оң , солын таныған жас .
2 жүр : Келешек қой осылар барға шүкір ,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр .
Жүректері лүпілдеп , тебіреніп ,
Қолдарына аттестат алғалы тұр .
1 жүр : Құрметті қонақтар , ата – аналар , ұстаздар ! Міне , көптен күткен салтанатты сәт те келіп жеткен сияқты . Кеше ғана тұлымдары желбіреп , жүректері лүпілдеп , мектеп қабырғасын аттаған ұл – қыздарыңыз , ойы толып , білім нәрімен сусындап , алтын ұя мектебімен қоштасуға келіп отыр . Қарлығаштарымызды қанаттарың талмай самғай беріңдер деп қарсы алайық !
2 жүр : Бүгінгі кештің себепкерлері – 9 сынып бітіруші түлектерімізді қошеметпен қарсы алайық !
1 жүр: Кездесуге келіп қалды асыға.Уақыт деген зымырап өтуде. Айналаға абайлап қарағанша, міне сіздердің мектеп қабырғасында, мектеп өмірінде өз іздеріңізді қалдырғандарыңызға да аттай 30 жыл болыпты. Араға осынша жыл салып, сағым жылдарды артқа тастап қауышып отырған түлектер жүрекжарды лебіздері мен ақ пейіл, адал көңілдерін білдірсін деп сіздерді ортаға шақырамыз, 1989 жылдың түлектерін қарсы алайық!
2 жүр: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным ,
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным .
Санай ашып «Әліппенің» парағын ,
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым .
9 сыныбының алғашқы ұстазы Жусупова Салтанат Амандыковна және 1979 жылы мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың алғашқы ұстаздары- Куюбаева Дина Енбековна мен Апенова Кулизат Ергалиевнаны және осы түлектердің сынып жетекшілері Ертайлакова Кайрия Калбановнаны , Сакипова Айтжамал Муратовнаны мен Тышхан Бибигуль қошеметпен ортаға шақырайық.
Сонымен бірге уақыт бөліп , бізге тілек білдірер – дей келе бүгінгі кешімізге келәі отырған Ортақ ауылдық округінің әкімі Ергалиева Мархабия Кагобатовна.
Құрметті қонақтар төрге шығыңыз!
1 жүр : Той дегенде жыр дейміз, өлең дейміз,
Бастайды деп кім тойды елеңдейміз.
Аулымызда той-думан бола берсін,
Той бастаудан өзіміз бөгелмейміз-дей келе, мектебіміздің
«Шашу» биі ансамблін ортаға шақырамыз!
2 жүр : Қарлығаштай ұшқалы тұр шәкірт те бір ,
Көктемдей сағынышқа батыпты өңір ...
Шектелмей бәріңе де , бәріңе де ,
Тілейміз сұлу ғұмыр , бақытты өмір ! - дей отырып , Ортақ орта мектебін бітіруші түлектерге негізгі орта білім аттестатын беру салтанатына арналған «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз .
1 жүр : Әуезі ән , жаны раушан , күн жүрегі,
Жел басқан сезімді де идіреді.
Бүгінгі қыз – бозбала түлектері,
Еліміздің алтын қазық тіректері.
2 жүр : Қолда барда аттестатың құжатың
Шақырады алдан асыл мұратың
Егемендік алып біздің мектептен
Аяғыңды еркін басып тұрасың- деп бүгінгі бітіруші түлектерге жүрек жарды тілегін жеткізу үшін және негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру мәртебесін мектебіміздің директоры м.а. Ж.Ш.Таңатқанға береміз.
Аттестатарды тапсыру рәсімі
1 жүр : Бәрінің шуағы мол , нұры басым
Бәрінен сыр ұғасың , жыр ұғасың
Қалайша тебіренбессің ғажайып үн
Жүректе құйып жатса шұғыласын – деп ,келесі құттықтау сөзді Ортақ ауылдық округінің әкімі М.К.Ергалиеваға береміз.
2 жүр : Бүгін дербес есеюге қол жеткендей,
Алыстағы арманға ой кеткендей.
Бір – ақ күнде ұл біткен бозбала боп,
Бір – ақ күнде қыз біткен бойжеткендей.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер куәліктеріңіз құтты болсын !
Тілек берсек құрметпен кешімізде - деп алғашқы рет әліппені ұстатып , әріп танытып , білім нәрін берген алғашқы ұстазы Жусупова Салтанат Амандыковнаға сөз береміз.
1 жүр : Алдымызда қол бұлғап асқақ арман
Үлкен өмір - ендігі басталар ән
Осы күнге жеткізген жетекшілер
Жанымызға жақындау басқалардан – деп , түлектердің қанаттарын қатайтып , бірге жүріп, қызықтарын бірге бөліскен, ақылшы болған сынып жетекшісі Тышхан Бибигульге сөз кезегін береміз .
2 жүр : Биік сенің ұстаздық қасиетің
Мінезің жоқ қиынға бас иетін
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған
Жүрегімде әр кез айтқан қасиетің .
Құрметті ұстаздар, Сіздерге келесі ән арналады ,қабыл алыңыздар!
Амангелді Мадияр «Ұстазым» әні
1 жүр : Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ бүгін сан түлек.
Айтылар бүгін сан тілек,
Егілер бүгін сан жүрек .
Енді қолдарына өмір белестерінің жолдамасын алып , жүректері лүпілдеп , сезімге толы жанарлары мөлдіреп мектеппен қимай қоштасқалы тұрған түлектердің де айтар алғысы аз емес шығар. Сөз кезегін 2019 жылғы бітіруші түлектерге берейік .
Мектептің Ұланбасшы Баби Шолпан мен Ереңғайып Ерназар өлең жолдарың оқиды .
Садыков Бахытжанның орындауында ән «Достарым»
Қошеметтеп биылғы жылғы түлектерді құрметті орындарға шығарып салайық.
ІІ бөлім
2 жүр : Құрметті қонақтар енді кешіміздің 2 бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі салтанатты жиынның, үлкен мерекенің иелері-кешегі мектеп шәкірттері-бүгінгі күні түрлі мамандық иелері, ел азаматтары, ел ағалары болған, мектебімізден әр жыл сайын қанаттанып ұшқан, бүгінгі дәстүрлі кездесуге, аяулы мектебімен қауышуға жүректері алып ұшып келіп отырған мектеп түлектері, бүгінгі кешіміз өздеріңізге арналады!
1 жүргізуші: Иә, уақыт деген көз алдымыздан зымырап өтіп барады! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып кеткендей алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырған білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз бүгін Қазақстан Республикасының бірдей-бір азаматтары болды
2-жүргізуші: Бүгін мерей тойларын тойлайтын мектеп түлектеріне ерекше де салтанатты күн. Олар 30 жыл бұрын бітіріп кеткен мектеп түлектері. Ортаға шақырайық!
Түлектердің тізімі:
Акимов Жеңіс, Исетова Бақыт,Умурзаков Руслан, Салыкова Айсулу,
Дюсембин Кизат, Жуматаева Саида,Садовский Сергей,Зейнуллина Гуля,
Данияров Руслан,Кудайбергенова Гульмира,Балтин Марат,Вставаева Разыя,
Балтина Зауре,Шонтасов Тасболат, Кожина Жансулу,Сарсенбаев Серик,
Искакова Гульсина,Ергалиев Курмантай,Искакова Анаргуль,Абдрахманов Болат,Темирханова Гульнар, Ахмолдин Куандык.
1-жүргізуші: Құрметті түлектер , қонақтар мектеп туралы шағын бейнесюжет тамашалаңыздар.
Не крутите пестрый глобус,
Не найдете вы на нем
Той страны, страны особой,
Той, что школой мы зовем.
2-жүргізуші: Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе?! Шіркін-ай, мектеп өмірі қандай ғажап! Алты жасқа толып, алғаш мектеп табалдырығынан аттаған күн әрбір жас баланың үлкен мереке күні ғой. Иә, қалайша ұмыта аласың бұл күнді? Осы күннен бастап сен бір жаңа әлемге тап болғандай сезінесің өзінді.
1-жүргізуші:
Бойыма алаулатып күш-жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды, деп алғашқы және де ең сүйікті ұстаздарыңызды еске алыңыз. Әр түлектер өзінің алғашқы мұғалімін және де ең сүйікті мұғалімді атасын.
2-жүргізуші:
30 жыл бұрын мектепті бітірген түлектерге ойын. Біз сіздерге осындай тапсырма берейік. Айбота пәнді айтады, ал сіз сол пән беретін мұғалімнің ойланбай аты-жөнін айтасындар. Еске алу қабілеттеріңізді тексерейік!
1-жүргізуші: Бәрекелді! Еске алу қабілеттеріңіз мықты екен!
Ұзақ жылдар бойы мектебімізде аянбай еңбек етіп,білім саласында тер төгіп түлектерді қанаттандырған ардагер ұстаздарымызға сөз кезегін берейік .
Қонаққа келген ұстаздарға сөз беріледі.
2 жүргізуші: Көтеріп жүктің салмағын,
Жолында өмір талмадың.
Мерейің қандай шуақты,
Ұстазым – асыл арманым!
Есімде мәңгі қалдың да,
Жүректе ән боп жандың ба?
Есейіп бүгін кетсек те,
Шәкіртпіз ұстаз алдында!
Ән: 4 сынып оқушылары Капбасова Диляра мен Рашитова Диананың орындауында ұстаздарға арналған ән.
4 сыныптың биі
1-жүргізуші:
Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен,
Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,
Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп,
Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем, деп сіздерден, құрметті түлектер, мектеп өмірін еске алуды сұраймыз.
2 жүргізуші : 1989 жылдың түлектеріне шағын тапсырма берейік. сіздерге сұрақ қояды. Сіздер кішкене ойланып оларға жауап бересіндер.
Ән: Амангелді Бахтияр мен Садыков Бахытжанның орындауында
1-жүргізуші: Құрметті түлектер ! Бүгінгі таңда сіздердің мектеп бітіргендеріңізге биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жыл бұрын келешектеріңіз қандай болатынын елестеттіңіздер ме? Алдарыңызға қойған арман-мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме? Алдымен өздеріңіз туралы жеке мәлімет беріп, өздеріңіз туралы айта кетсеңіздер.
Қонаққа келген түлектерге сөз кезегін берейік
2 жүргізуші: Бүгін тамаша күн! Достарды еске түсіру, алғашқы махаббат, ұстаздар, өзің отырған парта, мектеп қоңырауының сыңғырлаған естен кетпес үні, алғашқы мектеп вальсі.
1-жүргізуші: 30 жыл бұрын біздің мектепті бітірген және биылғы 2019 жылдың түлектерін ортаға мектеп вальсіне шақырамыз!
Садыков Бахытжанның орындауында
2 жүргізуші: Құрметті ұлағатты ұстаздар, қонақтар және түлектер алтын ұя мектептеріңді ұмытпай кездесуге келгендеріңіз үшін көп рахмет. Мектебіміздің түлектерімен кездесу біз үшін үлкен қуаныш. Әлі талай кездесулерде жүздесейік! Осымен біздің түлектер кездесу кешіміз аяқталды. Келесі көріскенше! Сау болыңыздар!