"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз

14.06.2019

Ортақ орта мектебін бітіруші түлектерге негізгі орта білім аттестатын  беру салтанатына арналған «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» атты кешіміз 12 маусым  күні өткізілді. Сонымен бірге 30 жыл бұрын мектепті бітірген түлектер кездесуге келді. Салтанатты кешіміз 2 бөлімнен құрылды.Бірінші бөлімде салтанатты түрде 9 сынып түлектерге негізгі білім туралы аттестаттар тапсырылды.Оқушылар өз тараптарынан тілектер мен өлең жолдарын айтып берді. Екінші бөлімде 1989 жылғы түлектер ортаға шығып, өздерінің алғашқы рет әліппені ұстатып , әріп танытып , білім нәрін берген алғашқы  ұстаздарына - Куюбаева Дина Енбековна мен Апенова Кулизат Ергалиевнаны  және  осы түлектердің сынып жетекшілеріне Ертайлакова Кайрия Калбановна , Сакипова Айтжамал Муратовна сый-құрметтерің көрсетті.Барлық ұстаздар мен қонақтар түлектердің мектеп өмірлерінен шағын бейнебаян тамашалады, өздері әндерің айтып, мектептегі қызықты сәттерін , бақытты балалық шақтарын еске алды.Ал соңында мектепке ескерткіш ретінде сыйлықтарын ( түрлі-түсті принтер мен терезелергі перде)табыстады.1 мен 9 сынып оқушыларға да сыйлықтар сыйланды.
  Негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың  және осы 30 жыл бұрын  бітіріп кеткен мектеп түлектері кездесу барысында  мектепке деген ыстық сезімдерін жеткізе білді.Уақыт деген зымырап өтіп кетті. Айналаға абайлап қарағанша, міне мектеп қабырғасында, мектеп өмірінде 1989 жылдың түлектері өз іздерің  қалдырғандарыңызға да аттай 30 жыл болыпты. Араға осынша жыл салып, сағым жылдарды артқа тастап қауышып отырған түлектер жүрекжарды лебіздері мен ақ пейіл, адал көңілдерін білдіріп отырды. Кешіміз көтеріңкі көңіл-күймен, жүрек ыстық сезімдерге толы, бақытты сәттермен аяқталды.

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст