"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын күз

30.10.2019

Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ. Онымен қоймай бірден бір еңбекке және ұйымшылдыққа баулыйтын мезгіл деседе болады. Жыл бойғы мол азығымызды да осы бір берекелі күз береді емес пе?! Осыған орай сары желекке оранған Алтын күздің қақ ортасы қазан айының жиырма бесі күні Ортақ орта мектебінде дәстүрлі «Алтын күз – 2019» байқауы өтті. Бұл байқау мектеп директоры Е.Ж.Бейсембаев сөзінен басталынды. Байқау бірнеше кезең бойынша жүзеге асты. Атап айтар болсақ: «Күз берекесі: жеміс-жидектер көрмесі, қабырға газеттері, көркем суреттер және аруларға арналған басты сайыс «Күз аруы – 2019 байқауы». Сайысқа қатысқан әрбір ару, яғни, оқушылар білімділігімен қоса әр түрлі заттардан көйлектер тігу коллекциясында он саусағынан өнер тамған шебер екендіктерін, күзгі жеміс-жидектерден, түрлі астық, дәнді-дақылдардан, балғын бақша жемістерінен көптеген тағамдар әзірлеп қазылар алқасының таңдайын қақтарды. Осылайша кеш жоғары деңгейде өткізілді. Мұндай кештер мектебімізде одан әрі де жалғасын таппақ. Бұл кештің әдемі қызығы мен көңілділігі талайға дейін есімізде сақталары сөзсіз. 

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст