"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өнерлі өрге жүзер

03.03.2020

Өнерлі өрге жүзер...

Дарынды оқушыларды  тәрбиелеп,  оларды бәсекеге қабілетті тұлға етіп қалыптастыруда  мұғалімнің рөлі ерекше.  Ол үшін мұғалімнің әр ізденісі мен жұмысы болашақ жастарымызды дамытуға бағытталуы шарт. Сонда ғана шәкірттеріміздің таланты ашылып, ойы кемелдене түссе, өз мүмкіндігін жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз.

Жас баланың бойындағы табиғат  берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Сондай дарынды оқушыларының бірі – Ортақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Токтасина Зарина.  Алматы қаласындағы Республикалық  «Ғұмырдария – 2020» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған ХІІ халықаралық ән-жыр байқауына қатысты.  «Көркем сөз» жанры бойынша 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасынан Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан жүлделі ІІ орынға ие болып,  Ақмола облысының намысын қорғады.

    «Күпі киген» қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған отты жырларымен, ойлы, көрнекті өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын М.Мақатаев есімі мәңгілік ұрпақ жадында.

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст