"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

22.03.2020

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

 2 жүргізуші

Ана,ол- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жандар!

Бүгінгі аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі  Құтты болсын!

 1 жүргізуші

 Құрметті аяулы аналар!

Жүздеріңізден күлкі кетпей, тек қана жайдарлы көңіл күй мен ақ

жарқын өмір тілейміз. Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің

арнайы дайындалған «Гул мереке, күн мереке» атты

мерекелік кешімізді тарту етеміз.

2-жүргізуші

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз! -дей отырып   5 сынып оқушылары  «Сенің  анаң  алтын»  атты  әнін  қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар

1-жүргізуші:

                  Сенен  өскен балалар,

                  Батырлар  мен даналар.

                  Құттықтаймыз мейраммен,

                  Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші:

                  Ана десем шешек ашып жанары.

                  Өмірімнің  бастау алар  ажары.

                  Ана деген тіршілікке пана боп,

                  Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзің  мектеп директоры ..Бейсембаев Ербол Жолдасбаевичқа  береміз.

  1.  

                  Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

                  Әрқашан ана сізбен берекеміз.

                   Ақтасақ  ақ  сүтіңді,  асыл  анам,

                   Сонда біз кісілікке теңесеміз,  дей отырып,  Ер балалардың                     жүрекжарды тілектерін ұсынады

1-жүргізуші:

«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Максим Горький

2-жүргізуші:

Белгілі қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Адамдар әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды», деген.

Алдарыңызда

                                                        « Әже»  деген әнін қабыл етіңіздер

2-жүргізуші:

                   Құлақтан кіріп, бойды алар,

                  Әсем ән мен тәтті күй.

                  Көңілге түрлі ой салар,

                  Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай .

                                                                           орындауындағы

  «Балбырауын»  күйің  қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт аналардың  аяғының астында» деп. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі дейді

2-жүргізуші:

                  Құлақтан кіріп, бойды алар,

                  Әсем ән мен тәтті күй.

                  Көңілге түрлі ой салар,

          Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай .

5 А сынып  оқушысы   Байсолтан Бекжанның  орындауындағы

  «Балбырауын»  күйің  қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы

2-жүргізуші:

                  Уақытпен жарыспайды,

                   Қиялға қиялменен қарыштайды.

                   Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

                   Өнерін аналарға бағыштайды,- деп отырып 

5 А сынып оқушысы     Бауыржанқызы Аружанның  орындауында « Қызбала гул

1-жүргізуші:

                      Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған.

                      Даланың әр гүлін,  Жинадың сен маған.

                      Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.

Сіздер үшін тағыда бір тамаша әнімізді тарту етеміз

5 А сынып оқушысы  Нурмухамет Еркежанның орындауында

« Ақ құс» деген әнін үсынамыз қабыл етіңіздер.

 

1-жүргізуші:

                  Мерекеге арналған бугін билер

                  Көтерілсін,канекей,көніл- күйлер

                  Алдарынызда қазіргі қазақ биі,

                  Тан қалдырып қанекей би билендер,-демекші, ендігі кезекті «Қазақ» биіне береміз 

2-жүргізуші:Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені , Ана  дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы   дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, баланың жылауын қойғызатын ана.

           Алдарыңызда Бергер Карина с песней Мамочка

1-жүргізуші: Ана баланың амандығын бақытты,  абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы   қасиеттер  бізге алдымен  анадан  тарайды. Қайран ана, өз перзентін қандай болса да бәрібір шексіз сүйеді .Бірақ, өмірімізде келеңсіз жағдайлар кездесе береді.

«КВН» қойылымын тамашалаңыздар

1-оқушы: Ия, мен балалар үйіненмін, менің анам да жоқ, әкем жоқ.

2-оқушы: Ия менің де ешкімім жоқ. Мен бір ешкімге керексіз бейуақпын.

3-оқушы: Балалар! Мен жалғызбын. Осы күнде әлі де жалғызбын

4-оқушы: Ия. Мен сондай бақытсызбын. Мен мамамды аңсаймын, 

                 сағынамын.

5-оқушы:Мен, мен, мен кішкентай кезімде көп нәрселерді армандаушы едім.

                 Бірақ арманымның бәрі көкке күлі ұшты ғой ұшты.

6- оқушы: Мен, мен бәрінен шаршадым, күтуден шаршадым. Тағдырдың тауқыметін көзімді ашқаннан бастап тартып келемін.

1-оқушы: Ия мен де дәл солай тағдырдың тауқыметін тартып келемін.

2-оқушы: Бәріміз де тағдырдың тауқыметін тартып келеміз. Мейлі мен осындай тағдырым болғанына ешкімді кінәламаймын. Бұл менің тағдырым.

3-оқушы: Ия менің де тағдырым сендердікіндей. Бірақ мен бақыттымын. Себебі осы жарық дүниені көрдім.

4-оқушы: Мен де бақыттымын. Себебі сендердей достарым бар. Әттеген –ай деген кездерім, өзекті өртейтін өкініштерім өзімнің бойымнан асады.

5-оқушы: Неге бұлай, неге, неге айтыңдаршы. Мен неге өзге балалар сияқты анама гүл сыйлай алмаймын.

6-оқушы: Ия. Неге біз дәл осы күні біз дәл осы жерге жиналамыз. Не үшін, осының бәрі кімге керек. Айтыңдаршы. Не анамыз жоқ, не әкеміз жоқ. Біз жүрген бір тастандымыз. Біздер, мына біздер кімге керекпіз. Қойыңдаршы болды. Бас басымызға, жан-жаққа өзіміз бен өзіміз болып кетейікші. Өтінем сендерден мені мазаламаңдаршы.

1-оқушы: Достарым. Білем өзектеріңді өртейтін, орындалмас армандарың бар екенін де. Бірақ біздер бауырлармыз ғой. Бауыр екенімізді көрсетіп, өзіміздің бауырлық жылулығымызды ешкімнен аямайықшы.

2-оқушы: Ия. Керек десең ұшқан құстан да, жыбырлаған жәндіктерге де, бәріне- бәріне мейірімізді төгейікші.

3-оқушы: Бір –бірімізге өгей болмайықшы. Біз бауырлармыз ғой. Тағдырымыз бір. Бірақ...

4-оқушы: Ия бірақ болашағым әр түрлі. Ертең кім боламыз. Қайда боламыз. Неге біз соны ойламаймыз. Айтыңдаршы.

5-оқушы: Болашақ. Қайдағы болашақ. Біздер тастандымыз. Біздер көздері жәудіреген тірі жетімдерміз. Сендер соны естеріңнен шығармаңдар. Маған болашақ дейді ғой.

6-оқушы: Ия біздің болашағымызды, тағдырымызды өмір есігін ашқанда жасап берген. Шіркін сіздер сондай бақыттысыздар. Төрт құбылаларыңыз тең, терезелеріңіз кең, бастысы отбасыңыздың қасындасыз. Қандай жақсы.

1-оқушы: Ия сіздер керемет жансызсыз. Сіздерге еш сөзім жоқ. Көздеріңіз күлімдеп тұр.

2-оқушы: Сендер қайдан білесіңдер олардың бақытты екенін. Олардың да іштерінде ашылмай жатқан мұңдары, айтылмаған сырлары бар шығар.

3-оқушы: Достарым! Бізге осындай қатігез, жаман мінезді адамға айналып бара жатырмыз. Олай демеңдерші. Біздер бастысы өмірге адам болып келдік, он екі мүшеміз сау, еркін өмірдеміз. Сондықтан біз өзімізді бақытты сезінейік.

4-оқушы: Ия сен дұрыс айтасың. Бәріңді түсінем. Бәрімізде бір арман осы күні аналар мерекесінде анамызға бір шоқ гүл силау. Бірақ ол орындалмас арман ғой. (жылайды)

5-оқушы:Ееее. Досым сен жылама арманым орындалады. Орындалып келеді. Батқан түнің артынан, жарқырап күн шығады деген. Сондықтан алдағы уақытта бәрі өзгереді.

6-оқушы:

Балалар ,аналарыңның қадірін біліңдер. Қаншама балалар анаға жетеалмай жүр. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз.Балада анасын қуантуды бақыт санайды.

 2-оқушы: Жарайды. Достарым. Естеріңде ме кеше мына біздер тамаша өз қолдарымызбен гүлдер жасап едік қой. Қане сол гүлдерді. Залда отырған апайларымызға табыстайық. Ол кісілерде біздің анамыз ғой. Мүмкін іштерінен бір апайымыз жақсы сөздерін, айтып  берер. Қане жиналайық.

1-оқушы: Өте орынды ой екен. Біз бүгіннен бастап ешқашан жыламаймыз.

Бәрі: Біздер бақыттымыз. (залға шығып гүлдерін таратады)

Ана, Сен бақыттысың! Жыламағың.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Ана! Сен бақыттысың,

 Тербете бер, Құба талдаи иілген бесігімді.


(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады

1-жүргізуші:

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар  алғысымыз  шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.  - дей отырып, құттықтау сөзді  мектеп  директорының  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары  Роза Оразбекқызына сөз  береміз.

1-жүргізуші:

 Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

 Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші:

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 176


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст