Текст
23-26 қараша аралығында Көкшетау қаласында классикалық шахматтан Ақмола облысы бойынша турнир өткізілді. Осы турнирге Оразбай Алтынбек жетекшілік еткен мектебіміздің 3 оқушысы қатысты. Олар: 5 - сынып оқушысы Амангелді Асанәлі, 7 - сынып оқушысы Ережеп Аңсар, 9 - сынып оқушысы Капбасова Алуа. Үш күнге созылған турнирде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Белсене қатысқаны үшін екі оқушы сертификат алды Амангелді Асанәлі ,Еежеп Аңсар.Ал бір оқушымыз ІІІ орын иеленді, ол Капбасова Алуа. Құттықтаймыз.