Менің ауылым, менің байлығым
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бастау алған "Менің туым, менің мақтнышым" атты челенджі Ортақ ауылында да аталып өтті. Ел көлемінде болып жатқан патриоттық шеруге Зеренді ауданы Ортақ ауылында туып-өскен азаматтар да өз үлестерін қосты. Тың бастаманы еліміздің азаматтары бір адамдай қолдап, әр аудан ауыл тұрғындары атқа қонды. Қолдарында көк байрақты желбіретіп, ер қанаты атты ауыздықтап мініп, егеменді елдің ерлері дүбірлетіп челлендж өткізді. Басты мақсат тұрғындардың рухын көтеріп, елге деген патриоттық сезімін арттыру. Себебі, дәл біздің өңірде туып-өскен азаматтар ат салысты.
Менің туым менің Отаным патриоттық шеруі тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отыр. Осы ауылдан шыққан ел ағалары мен жалынды жастары жан жақтан жиналып шеруді бар сән салтанатымен өткізді. Бұл біздің тәуелсіздігімізге деген құрметіміз.
"Тәуелсіздік бізге тәңірден келген тәтті сый. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ елі талай жетістіктерге жетті. Әлемдік аренада өзіндік орны қалыптасқан жас мемлекет. Көк туымыз әрдайым желбірей берсін".